Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Абай облысының құтқарушылары адамды құтқару операциясын жүргізді

Көкпекті ауданының құтқарушылары ер адамды құтқарды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 14: 30-да 112 пультіне Көкпекті ауданындағы Ажа ауылы ескі Буденный учаскесіндегі Көкпекті өзенінен өтіп бара жатып, екі адам аралда қалып, құтқарушылардың көмегі қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына құтқарушылар мен техника жіберілді.

“Құтқарушылар келгеннен кейін 1992 жылы туған ер адам, өзеннен атпен жүзіп өтіп, ағысты жеңе алмай өзен аралында қалғаны анықталды. 15-ӨСБ қызметкерлері резеңке қайықтың көмегімен ер адамды жағаға, қауіпсіз жерге эвакуациялады. Жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес.
Құтқарушылар келгенге дейін екінші адам өз бетімен жағаға шыққан”, – делінген ведомство ақпаратында.

Естеріңізге сала кетейік, егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, құтқарушыларға дереу «112» телефоны арқылы хабарласыңыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button