Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысТОП

Абай облысында қызметтік ит есірткі қоймасын тапты

Бородулиха ауданының полицейлері жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде есірткі заттарын сақтау туралы жедел ақпарат алды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жедел-тергеу тобы құрамындағы полиция-кинолог пен қызметтік-іздестіру иті күдіктінің тұрғынжайын дереу тексеруге кіріскен.

Нәтижесінде «Арчи» атты қызметтік ит иіс ізін тауып, қосалқы бөлменің біріндегі жастыққа белсенді белгі берген жерден полицейлер 2 медициналық шприц тәркілеген. Сарапшының қорытындысы бойынша тексеруге ұсынылған заттар жалпы салмағы 0,0917 грамм экстракциялық апиын болып шықты.

  • Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296 – бабының 2-бөлігі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
    Жыл басынан бері қызметтік иттер жедел тергеу тобының құрамында 318-ден оқиға орнына астам шығып, оның ішінде 86 жағдайда қолданылды, оның ішінде облыстың кинологиялық қызметінің қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 15 қылмыс ашылды.
    4 айда қызметтік иттердің көмегімен полицейлер 536,1285 гр түрлі есірткі затын тәркіледі, – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button