
Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 48 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол сенім білдірген әйелге автокөлігіне келісімшартты қозғалтқыш тауып беруге уәде берген. Автосүйер әйел 360 000 теңге берген, бірақ өз көлігіне ешқандай қосалқы бөлшектер алмаған. Тергеу барысында полиция қызметкерлері өткен жылдың қараша айында «автобөлшек сатушы» тағы да бір ер адамды алдағанын анықтады. Ол Nissan Sunny автокөлігінің келісімшартты автоматты коробкасын иемденген. Шығын сомасы 25 000 теңге.
Жалпы шығын 385 000 теңгені құрады.
Қазіргі уақытта ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Semey News.