Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Ауыл» партиясының бастамасымен салауатты өмір салты мен жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау мақсатында 2023 жылдың 29 сәуірінде «Мотоцикл маусымы» ресми түрде ашылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
«Аталған іс-шараға қаламыздағы 90-нан астам мотоциклисті мен Риддер қаласынан келген қонақтар қатысты. Бұл шарының мақсаты- жастар арасындағы салауатты өмір салтын дәріптеу»,- деп атап өтті спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Дүйсенбаев.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылар Семей қаласы әкімдігі атынан ІІБ-на алғысалғыс білдірді.
Semeynews.kz