

Семей гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкрелерінің отбасымен жұмыс жөніндегі қызмет «Отбасы және отбасы құндылықтары» тақырыбында әскерилердің жұбайларымен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Семей горнизонының офицерлер үйінде өткізілді.
- Адамның тұлға ретінде дамуына оның отбасында алатын тәрбиесі маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз отбасы қатынасын және құндылықтарын сақтауға көп көңіл бөлеміз, – деп атап өтті қызмет басшысы Салия Базарханова.
Қызмет қызметтің негізгі сәттерін қорытындылай келе, алдағы кезеңге арналған міндеттер анықталды.
Іс-шара соңында өңірлік қолбасшылық психологтары дөңгелек үстелге қатысушылармен психологиялық тренинг өткізді.
Semey News.