ҚоғамСемейТОП

Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті

Бүгін Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастырумен «Турист» қонақ үйінің алдында жергілікті тауар өндірушілер мен қаланың көтерме саудагерлерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жәрмеңкеге Абай облысының 15 азық-түлік өндіруші кәсіпорыны мен көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынды. Ассортиментте жеміс-көкөніс, сүт, азық-түлік және ұн өнімдері бар, олар өндірушілер мен көтерме саудагерлер бағасымен сатылды. Сондай-ақ, сатып алушыларға палау мен сусындар тегін таратылды. Концерттік бағдарламалар, қойылымдар ұсынылды.

«Жәрмеңкеге өңіріміздегі «Семей-Құс» ЖШС, «Kondiz» ЖШС, «Ай-Ар» ЖШС және тағы басқа кәсіпорындар қатысты. Бұл жәрмеңкенің бір артықшылығы, тауарлардың көтерме бағада сатылуында. Осындай жәрмеңкелерді алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізуді жоспарлаудамыз»,- деді кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Арайбек Хамзаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button