ҚоғамСемейТОП

Семейде жалпықалалық сенбілік өтті

Бүгін Семей қаласында экологиялық екіайлық аясында жалпықалалық сенбілік өтті, 200 тоннадан артық қоқыс шығарылды – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қаласы әкімдігі ұйымдастырған сенбілікке 8000-нан астам қала тұрғыны, барлық қалалық шағын және орта бизнес нысандарының өкілдері, еріктілер, әлеуметтік нысандарғы қызметкерлер, бюджеттік және жеке мекеме ұжымдары, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдары және жеке сектордың үй иелері қатысты. Бизнес өкілдері өздерінің және оған іргелес аумақтарды тазалады, ағаштарды әктеді.

Қала ішіндегі 10 000-нан астам ағашты әктеу жұмыстары жүргізілді.

Жоламан, Комсомол, Бобровка, Степной, Шығыс, Водный, Березовский, Мирный кенттерінде қоқыс үйінділерін тазарту жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікке 80-нен астам арнайы техника жұмылдырылды.

150 тоннадан астам қоқыс полигонға шығарылды.

15 рұқсат етілмеген жердегі қоқыс полигоны жойылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button