ҚазақстанҚоғамТОП

Булат Утемуратов Қоры және Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы Риддердегі өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетті

10 мамырдағы өрт салдарынан үйлері өртенген Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласының тұрғындары Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы және Fortebank бірлескен жобасы шеңберінде Булат Утемуратов қорынан жалпы сомасы 30 млн. теңгені құрайтын «Көмек картасын» алды, деп хабарлайды Semey News.

 

«Құжаттарымызды жинап болғанша, өрт бізден 30 метр жерде болды. Біз жылдам автокөлікке отырып кетіп қалдық, өртке алыстан қарадық. Кенеттен шиферлер сықырлап, сынықтары ұшты. Біздің үйіміз өртенгенін ұқтық, ал содан кейін келесі үйлер өрт құшағына оранды»,-деп есіне алды Риддер тұрғыны Михаил.

Жалпы өрт алаңы 288 га құрады, оның 273 га – орман алаңы. Қызыл Жарты Ай қоғамының апатты жою командасы жедел түрде оқиға орнына келді, жергілікті мемлекеттік органдардың көмегімен жағдайды және зардап шеккендердің шығынын бағалады.

«Жергілікті атқарушы органдар тарапынан барлық эвакуация пунктері дайындалып, қонақүйлерден бөлмелер, сондай-ақ үш уақыт тамақтану ұсынылды. Жақын туыстарының үйлеріндегі тұрғындарға азық-түлік және киім-кешек түрінде гуманитарлық көмек көрсетілді»- деп хабарлады Риддер қаласы әкімінің орынбасары Данияр Бекқазыұлы Дүйсенбаев.

Зардап шеккен отыз отбасының әрқайсысы 1 млн. теңгелік банк карталарын алды. Жалпы көмек сомасы 30 млн. теңге. Бөлінген қаражат адамдарға бастапқы шығындарын өтеуге және тұрғын үйлерін, мүліктерін қалпына келтіруге көмегін тигізеді.

«Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы әрдайым түрлі төтенше жағдайларға көңіл бөледі, ал орын алған өрт ерекше жағдай болған жоқ. Булат Утемуратов қорының қолдауы арқасында барлық ресурстарымызды жұмылдырып, біз, тұрғын үйсіз қалған адамдарға көмек көрсеттік. Болған трагедия тағы бір рет отандастарымыздың ынтымақтастығын және Қызыл Жарты Ай қоғамының түрлі шақыртуларға көмек көрсетуге дайын екенін көрсетті»,  – деді Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамының Президенті Арғымбаев Еркебек Қамбарұлы.

Бұған дейін биылғы жылы «Көмек картасы» жобасы шеңберінде Булат Утемуратов Қорымен еліміздің солтүстік аймақтарындағы тасқын судан зардап шеккендерге қаржылай қолдау көрсетілген, 1061 адам жалпы сомасы 53 млн. теңгеге көмек алған. Естеріңізге саламыз, бірлескен жоба 2018 жылдан іске асырылады. Осы кезеңде Булат Утемуратов Қоры 9196 азаматқа жалпы сомасы 360 млн. теңгеге көмек көрсетті.

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button