ҚазақстанҚоғамТОП

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада сенбілікке қатысып, жастармен бірге ағаш отырғызды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы желілік саябақта «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы желілік саябақта ағаш отырғызды.

Мемлекет басшысы сенбілік барысында волонтерлермен және студенттермен әңгімелесті.

– Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан үйімізді таза ұстауымыз керек. Ағаш отырғызып, көшелерді тазалауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Бізде басқа ел жоқ. Сондықтан бәріңді жауапкершілігі мол азамат болуға шақырамын. Баршаңызға, әсіресе, еріктілерге алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

photo

Сенбілікке қатысқандар 2 түп қарағай және 39 түп жөке көшетін екті.

Еске сала кетейік, елордада 8 сәуірден 6 мамырға дейін «Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық айлығы өтіп жатыр.

Оның аясында коммуналдық және жалпықалалық бірнеше сенбілік ұйымдастырылады.

Бұған дейін астананың Сарыарқа ауданында 12,5 мың тұрғын сенбілікке шыққанын хабарлаған едік.

photo

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button