Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семейде жолдардағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Семейде қала ішінде жолдардағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары екі аусымда жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
28 сәуірдегі жағдай бойынша Абай, Мұхамедханов, Дулатов, Шугаев, Гагарин, Морозов, Уәлиханов көшелерінде және Шәкәрім даңғылында жалпы ауданы 5000 м2 болатын шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Белгіленген кестеге сай жұмыстар әрбір көшеде жүргізілетін болады.
2023 жылға жол жабынын ағымдағы жөндеу шеңберінде жалпы ауданы – 38 647 м2 болатын жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Semeynews.kz