Семейде рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Суық бұлақ, Кирпичный, Жоламан кенттерінде қоқыс үйінділерін жою жұмыстары қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазіргі таңда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес экологиялық екіайлық аясында Семей қаласының әкімдігі рұқсат етілмеген қоқыстарды шығару жұмыстарын жалғастыруда.
1 сәуірден бастап қаланың әртүрлі аудандарындағы ірі көлемдегі 90-ға жуық қоқыс полигоны жойылды.
Еске сала кетейік, осы сенбі, 29 сәуірде сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жалпықалалық сенбілік өтеді. Барлық қалалық шағын және орта бизнес нысандарының қатысуы міндетті. Бизнес өкілдері өздерінің және оған іргелес аумақтарды тазалауы қажет.
Сонымен қатар, экологиялық акцияға еріктілер, әлеуметтік нысандарғы қызметкерлер, бюджеттік және жеке мекеме ұжымдары, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдары және жеке сектордың үй иелері қатысады.
Semeynews.kz