ШҚОПроисшествияТОП

ШҚО-да автобус өртенді

Шығыс Қазақстанда құтқарушылар автобустағы өртті жедел сөндірді, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 17 мамырда 12 сағат 26 минутта Риддер қаласындағы екі қабатты тұрғын үй ауласында «Мercedes» маркалы автобустың өртенуі туралы хабарлама алған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 25 шаршы метрді құрайтын өртті жедел сөндірді, нәтижесінде оның одан ары таралуына жол берілмеді. ШҚО ТЖД мамандары оқиға отқа ұқыпсыз қараудан болған деп қарастыруда.

Жыл басынан бастап ШҚО-да 70-тен астам автокөлік өртену орын алған.

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button