Халық бірлігі – ел бірлігі
Ерасыл Оспанов, Абай облысының Жастар ресурстық орталығының маманы.
Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында делегация құрамында болдым. Сессия екі күн өтті. Бір шаңырақ астында 140 – тан астам ұлт өкілдерін жинаған ҚХА-ның негізгі мақсаты – этносаралық келісімді қамтамасыз ету.
Біз бейбіт және тату мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі таңда этносаралық келісім – бұл Ассамблея жұмысының нәтижесі деп айтуға болады.
Егер Қазақстан барлық ұлт өкілдеріне деген құрметін сақтап қалған Орталық Азиядағы санаулы елдердің бірі деп айтсам, қателеспеймін деп ойлаймын. Семейде біз Наурыз, Құрбан айт, Пасха, Рождество, Масленицаны бірге тойлаймыз.
Сессия жұмысына еліміздің Президенті – Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуы маңызды оқиға болды. Ол Ассамблея – еліміздің саяси жүйесіндегі маңызды құрылымдардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамыту, оның ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлі мәселелеріне тоқталды. Мемлекет басшысы қазақ тілін білмейтін азаматтардың құқықтарына қысым жасалмауға тиіс екендігіне назар аударды. Біздің міндетіміз – бұған барлық жағынан ықпал ету, тіл клубтарын дамыту, сабақтарды мүмкіндігінше қызықты ету.
Абай облысында біз тілдерді білуге байланысты және ұлтаралық келісімді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткіземіз. Жоспарда – этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған түрлі акциялар өткізу бар.
Semeynews.kz