Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семей қаласының әкімі тұрғындарды қабылдады
Семей басшысы Нұрбол Нұрсағатов тұрғындарды әр апта сайын тұрақты түрде қабылдауда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қабылдау барысында барлығы 13 тұрғынның өтініштері қаралды. Тұрғындарды сумен қамту, әлеуметтік көмек, мүгедектігі бар балаларға берілетін білім, баспанамен қамту және тағы да басқа мәселелер толғандырады.
Қала басшысы қабылдауға жазылған қала тұрғындарының арыз-шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Ол азаматтардың өтініш-шағымдарын тыңдай келе, бірқатар мәселелердің шешілетіндігін айтса, ал бірқатары бойынша шешімнің заңды жолдарын түсіндірді.
Semeynews.kz