Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамҚұқықбұзушылықТОП

Абай облысы тұрғынынан тіркелмеген мылтық тәркіленді

Абай облысының ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жедел жағдайды сауықтыруға бағытталған “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ЖААШ басталғаннан бері полицейлер тіркелмеген қаруды алып қою бойынша жұмыс жүргізуде.

“Аягөз ауданында тәртіп сақшылары ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған 16 калибрлі “ТОЗ-Б” аңшылық мылтығын тәркіледі. 61 жастағы тұрғын ҚР ӘҚБтК — нің 482-бабы бойынша жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сақтағаны, алып жүргені, тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – деді полиция қызметкерлері.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button