Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семейде жаңадан жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр

Семей қаласында жол-көлік оқиғаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу үшін жұмыстар жалғасуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазіргі таңда қала ішінде ескірген жол белгілері ауыстырылып, қолданыстағы тірек бағаналарына ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл қала ішінде 3000-нан астам жаңа жол белгілері орнатылып, 6000-нан астам жол белгілері күрделі жөндеуден өтеді.
- Жол белгілерін жөндеу, ауыстыру жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады. Қазіргі таңда бұл жұмыстарды атқаруға 3 бригада жұмылдырылды. Мердігер ұйымдар өз жұмысын сәуір айының басынан бастап атқаруда, – деп атап өтті жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаев.
Құрметті қала тұрғындары, егер сіздер жол белгілерінің құлап жатқандығын көрсеңіздер Семей қаласы әкімдігінің WhatsApp нөміріне фото жолдауларыңызға болады: +7 (700) 718-71-60. Қалалық әкімдік олқылықтарды дер кезінде қалпына келтіреді.
Semeynews.kz