Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП

Көкпекті ауданынан Семейге құжатсыз балық тасымалдаған тұрғын ұсталды

Көкпекті ауданынан Семей қаласына 100 келіден астам балықты құжатсыз тасымалдаған облыс тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 сәуір күні “Құқық тәртібі” жедел алдын алу іс- шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері “Алматы – Өскемен” тасжолының 912 шақырымында Абай облысының 33 жастағы тұрғынының басқаруындағы “TOYOTA” автакөлігін тоқтатады.

Тексеру барысында көлік жүксалғышынан арнайы рұқсат ету құжаттары жоқ 2 мөшек пен 7 полиэтилен пакетке салынған 100 келіден астам әртүрлі мұздатылған балық табылған.

Қазіргі уақытта жиналған материал Абай облысы бойынша Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жолданды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button