ШҚОТОП

ШҚО-да арықта екі жасөспірімнің мәйіті табылды

Шығыс Қазақстанда суармалы арықта екі жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспсөз қызметінің берген мәліметі бойынша, 17 мамырда 13 сағат 40 минутта Үржар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Елтай ауылында 3 жастағы екі жасөспірім жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

«Хабарлама түскен сәттен бастап аудандық полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын жүргізді. Балаларды іздеуге ауыл тұрғындары және құтқарушылар қатысты. Іздестіру нәтижесінде, үйден 350 метр жердегі бау-бақша суару арығынан балалардың мәйіті табылды»,-деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, өлім себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.

ШҚО ПД туғандарына және жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, және облыс тұрғындарын су айдындарында сақтық шараларын сақтауға шақырады.

 

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button