Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысының әкімі Семейдегі бірқатар кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

Бірінші кезекте Семей қаласындағы аяқ киім фабрикасына және «Қазполиграф» ЖШС барды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Семей аяқ киім фабрикасы» ЖШС отандық және шетелдік өндірушілердің материалдарынан күнделікті және арнайы, әскери аяқ киім өндіруге және сатуға маманданған кәсіпорын.

Фабрика өкілі облыс әкіміне кәсіпорынның жұмысын таныстырып, алдағы жоспарлары туралы баяндады.

Аймақ басшысы өз кезегінде фабрика басшылығына өндірілетін өнімнің сапасына ерекше назар аударуды және жергілікті нарыққа шығу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Мүмкіндігінше білім беру мекемелерімен шарт жасап, көп балалы және мұқтаж отбасыларға көмек көрсету қажеттігін айтты. Кәсіпорын өкілдері әкімнің ұсынысын қолдады.

Келесі кезекте өңір басшысы ҚР Ұлттық Ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінің жұмысымен танысты.

Өңір басшысына әскери бөлімнің құрылымы, техникалық мүмкіндіктер, әскери қызметшілерді қамсыздандыру және бір жыл ішінде жүргізілген жұмыстың қорытындылары туралы баяндалды.

Сондай-ақ, Нұрлан Ұранхаев Семей қаласының №5 Шәкәрім атындағы көпсалалы гимназиясы мен Білім-инновация лицейінде болып, оқу үрдісіндегі атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Бүгін де өңір басшысы Семей қаласын аралау кезінде Цемент кентінің тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар облыс әкіміне ортақ мәселелері бойынша жүгінді. Атап айтқанда, балалар бос уақыттарын өткізе алатын ойын алаңдарын салу мәселелері оларды толғандырады.

Өңір басшысы аулаларда жаңа ойын алаңдарын салу мәселесін шешу жолдарын табатынын атап өтті. Халықпен кездесу барысында айтылған қалған мәселелерді Нұрлан Ұранхаев қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовқа одан әрі бақылауға алуды тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button