Абай облысыауылшаруашылығыҚоғамСемейТОП

Абай облысында ветеринариялық жағдай тұрақты

Биылғы жылдың басынан бері облыста қауіпті жұқпалы ауруды жұқтыру тіркелген жоқ. 2022 жылдың бірінші тоқсанында жұқпалы аурулардың 3 ошағы тіркелген: Ақсуат ауданында 1 құтырма ауруы, Семей қаласы мен Көкпекті ауданында 2 бруцеллез ошағы. Бұл туралы Абай облысының ӨКҚ-де өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жалпы, ветеринария саласының негізгі міндеті – жануарларды аурулардан қорғау және емдеу; халықты жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау; облыста ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

2023 жылдың 1 тоқсанында 192 657 бас ІҚМ, 188 665 бас мүйізді ұсақ малға бруцеллезге диагностикалық тексеру жүргізіліп, 886 бас ІҚМ, 89 бас ұсақ мал оң нәтиже берген.

2022 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда бруцеллезге оң нәтиже берген ірі қара мал – 0,2%-ға, МҰМ -0,08%-ға төмендеген. Ауру ошағы анықталған жануарлар дер кезінде сою алаңына тапсырылған.
Биылғы жылға дейін ветеринария саласында жалақы көлеміне қатысты сауалдар болғанымен, облыста ветеринария мамандары жеткілікті. Жалақы мәселе де шешілді.

  • Бүгінгі таңда облыстың 8 ауданында коммуналдық қызмет бар, ауылдық ветеринариялық пункттер соларға қарайды, – деді Ержан Барышев.

Өңірде 134 ветеринарлық пункт жұмыс істейді, әзірге кадр тапшылығы байқалмайды. Облысымызда мамандар дайындайтын университет бар. Осы жылға дейін жалақының өте төмен болуына байланысты бізде кадр мәселесімен біраз қиындықтар болды. Бірақ биыл Ауыл шаруашылығы министрлігі, атап айтқанда Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қолдауымен қаржы қарастырылып отыр.

Ал материалдық-техникалық жабдықталуға қатысты мәселені Абай облысы әкімдігі бақылауына алған.

Өңірде аса қауіпті аурулардың алдын алу мақсатында ауылшаруашылық жануарларына ірі қара малдар мен мүйізді ұсақ малдар аусылы, нодулярлық дерматит, қарасан (эмкар), сібір жарасы, жылқы сібір жарасы, жылқы мен итің құтырма ауруы, құс тұмауы секілді ауруларға қарсы вакцина салынған.

Ағымдағы жылдың басынан бері облыста ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті жұқпалы ауруларының ошағы тіркелген жоқ.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button