ҚоғамСемейТОП

Семейде қоқыс өңдеу зауыты тамыз айында ашылмақ

Семейде ҚТҚ бөлек жинау инфрақұрылымын ұйымдастыру жөніндегі жоба шеңберінде ӨКМ—нің іске асыруымен наурыз айында қалаға қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған жабдық берілді. Қала үшін 1582 контейнер және 6 бірлік арнайы техника сатып алынды, деп хабарлайды Semey News Семей қаласының ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Фото: Анатолий Тернов

Өткен жылдың қараша айында Қазақстан Елшілігінің қолдауымен және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Маминнің 2025 жылға дейін Қазақстанда 6 қоқыс өңдеу зауытын салу туралы тапсырмасы шеңбері аясында бағдарламаға қатысушылары Грецияға сапар жасады. Онда Семей қаласының өкілдерінен тұратын қазақстандық делегация “SABO S. A.” грек компаниясының басқарушы директоры Димитрис Килиариспен келіссөздер жүргізді.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар Семей, Өскемен және Ақтөбе қалаларындағы қоқыс өңдеу зауыттары үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша автоматтандырылған желілерді сатып алу туралы келісімге қол жеткізді.
Бүгін қалалық әкімдікте грек делегациясы жұмыс сапарымен келіп, жұмыстың қарқындылығымен және одан ары дамуын алға жылжытуды ортаға салды.
– Алдағы уақытта барлық қалдықтар сұрыпталады. Әкімдік біздің келісімшарттық қатынастарымыз аясында осы жабдықты орналастыруға мүмкіндік беретін толыққанды ғимарат салып жатыр. Жұмысты  іске қосуды 29 тамызға жоспарлап отырмыз. Сұрыпталған осы 30%-ды біздің қайта өңдеу зауыттарына тапсыруға болады. Бүгінде ӨКМ компаниясы субсидиялауды жүзеге асыруда. Сұрыпталған қалдықтар біздің кәдеге жарату нысандарымызға жіберіледі, – деп хабарлады ӨКМ Операторы ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев.
Қала бойынша қабылдау пункттерін орналастыруға жауапты ұйым Хазипов ЖК болып табылады. Кәсіпорын тамыз айында шыны қабылдайтын 10 қабылдау пунктін іске қосуға міндетті. Сонымен қатар, отырыстахабарлағандай, ЖК “Хазипов”биыл көлік сатып алып, тағы 10 қабылдау пунктін ашуға бекінді.
– Бұл жағдайда тек ӨКМ ұйымымен қатар,  Семей әкімдігіне екі миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Әрі қарай әкімдік цех жабдықтарына толық инженерлік құрылым салады. ЖК Хазипов әкімдік сияқты 10 қабылдау пунктін салып, 4 машина сатып алып, экологиялық біліммен айналысуы тиіс. ЖК Хазипов бүгінде төрт қабылдау пунктін орнатты. Олардың орналасуы туралы мәселе шешілуде. Өткен жылы ЖК Хазипов екі жаңа көлік сатып алып, биыл тағы қатарын толтырмақ. ӨКМ компаниясы  түрлі 1,5 мың контейнер қойды. Сондай – ақ, 17 наурызда қоқыс таситын көліктерді пайдалануға бердік, – деді Медет Құмарғалиев.
Өз кезегінде “SABO S. A.” грек компаниясының директоры және иесі Димитрис Килиарис осы серіктестіктің маңыздылығын атап өтіп, жиналғандарға жылы жүзбен қарсы алғаны үшін алғысын білдірді.
– Қоқысты қайта өңдеуге назар аудару өте маңызды. Атап айтқанда, білім беру саласында экологиялық ағарту жұмыстары жүргізілетіні қуантады. Шынында да, балалық шақтан бастап сананы өзгертіп, экологиялық мәдениетті баса үйреьу керек”, – деді Димитрис Килиарис.
Кездесу соңында делегация мүшелері полигон орнына барып, онда жүргізіліп жатқан жұмыстарды қарап, алдағы  алдағы жоспарларды талқылады.

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button