Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семейде демалыс күндері өткен жалпықалалық сенбіліктің нәтижесі

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың Қаулысына сәйкес 1сәуір мен 31 мамыр аралығында екіайлық тазалық акциясы жарияланды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазіргі таңда екіайлық тазалық науқаны барысында 2 мәрте жалпықалалық сенбілік өтті.
Коммуналдық қызметтер бекітілген кестеге сай рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын қарқынды түрде жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда 80-ге тарта рұқсат етілмеген жерде орналасқан қоқыс полигоны жойылды.
Сонымен қатар, жолдарды, жол белгілерін, аялдама павилондарын, бетон қоршауларды жуу жұмыстары екі ауысымда жүргізілуде.
Қала тұрғындарынан қаламызды тазалауға белсенді үлес қосуға шақырамыз. Тазалақ тазаланған жерде емес, таза ұстаған жерде.
Semeynews.kz