21 сәуір күні Семей қаласында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Әлихан Бөкейхан Университетінің жаңа Студенттер үйінің ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
«Студенттер Үйі» аталған жаңа жатақхана – хостелдік типтегі заманауи студенттеік дорм. Бұл соңғы 30 жыл ішінде өңірде толығымен Университетің өз қаражатына салнығна тұңғыш жатақхана.
Жатақхананың ашылу салтанатына ҚР ҒжЖБМ, Абай облысы әкімдігінің өкілдері, Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары және оқу орнының әлеуметтік серіктестері қатысты.
Жатақхана 400 тұрғынға есептелген. Құрылысы 2021 жылдың тамыз айында басталды. Объект құрылысына жалпы жиыны 1,5 млрд. теңге инвестиция жұмсалған. Жалпы ауданы – 6000 шаршы м. аумақты құрайды.
«Студенттер үйі» 6 қабаттан (астыңғы қабат және ғимарат бойындағы 5 қабат) және 136 бөлмеден тұрады. Жатақхана ғимараты барлық заманауи талаптарға сай, жарық, кең, құрылыс барысында ыңғайлылық пен экологиялылық талаптарына ерекше көңіл бөлінген.
Әр бөлмеде 3 адамнан тұрады, бөлмелер жекелеген «блок-секцияларға» қосылады. Әр секцияда екі бөлме, жеке санитарлық бұрышы және душ бөлмесі бар. Жатын бөлмелермен қатар, жатақхана заманауи ас үйлерімен, коворкинг-зоналармен, медициналық кабинеттермен, Wi-Fi желісіне қосылған кітапханамен, фитнес залмен, кір жуатын бөлмемен және басқа да тұрмыстық, қосалқы жайлармен жабдықталған.
Жатақхана ғимараты Қазақстанда өндірілген силикат кірпішінен тұрғызылған. Қабырғалар жылуды сақтауы үшін арнайы суық өткізбейтін материалдармен қапталған.
Оқу жылының бойында жатақханада Университеттің білім алушылары тұрады. Жазғы уақытта Университеттің Әскери кафедрасының әскери-жаттығу жиындарынан өтетін курсанттары тұрады.
Бүгінгі таңда Әлихан Бөкейхан Университетінде 8000 білім алушы оқып жатыр. Университет – өңірдегі жетекші көп салалы жоғары оқу орны. Заң саласы, техникалық, гуманитарлық және педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейлерінде мамандар даярлайды.
Университтетте Абай облысының өрендері ғана емес, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, өңірлерінен келген жастар және шет елдердегі қазақ диаспорасы өкілдері білім алуда.
Университеттің 8 оқу корпусы, «Abai IT-Valley» заманауи технологиялық кластері және ҚР Қорғаныс министрлігінің бағдарламалары бойынша запастағы офицерлер мен сержанттарды дайындайтын өз Әскери кафедрасы бар.
Semeynews.kz