Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде заңсыз орнатылған дүңгіршектер мен гараждар сүрілуде

Облыс орталығында заңсыз орнатылған дүңгіршектер мен гараждарға тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Өкінішке орай бүгінгі күні қалада аула сыртындағы аумақтарда, ретсіз орнатылған көптеген ұқсас ғимараттар бар. Бұдан бұрын жер қатынастары бөлімі заңсыз орнатылған дүңгіршектер мен гараждардың иелеріне нысандарды өз бетінше алып кету туралы хабарламалар жіберген болатын. Қазіргі таңда заңсыз жерде орналасқан гараждар мен дүңгіршектерді сүру жұмыстары жүргізілді.

Осы жұмыс аясында жер қатынастары бөлімінің мамандары заңсыз орнатылған павильондар мен металл гараждарды анықтау және алып тастау жұмыстарын жалғасуда. Өскемен көшесін тексеру барысында бірнеше заңсыз уақытша орнатылған нысандар анықталды. Жұмыс барысында аталған нысандар (дүңгіршіктер, металл гараж) алынып тасталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button