Жуырда 2022 жылдың қорытындысы бойынша 52 мыңнан астам «жалған қабылдау» дерегі тіркелгендігі туралы ақпарат жарияланған болатын. Осыдан кейін көрсетілмеген медициналық қызметтерге қатысты ел тұрғындарынан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына толассыз өтініштер түсе бастады.
Айталық, соңғы 7 күннің ішінде «жалған қабылдауларға» қатысты шамамен 1 200 хат келіп түсті. Салыстыратын болсақ, былтыр дәл осы кезеңде небәрі 80-ге жуық өтініш тіркелген.
Медициналық сақтандыру қоры филиалы директорының ақпараты бойынша ағымдағы жылдың наурыз айында Абай облысы бойынша 7 «жалған қабылдау» тіркелді.
Сондай-ақ әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының сарапшылары медициналық ұйымдарда ақаулар мен бұзушылықтардың бар-жоғына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізетінін атап өтеміз.
Барлық келіп түскен өтініштер тіркеліп, белгіленген тәртіпке сәйкес қаралады.
“Медициналық мекеме пациентке көрсетілмеген медициналық көмекті «көрсетілді» деп жазып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлем шотын тапсырады.
Дәрігерге жүгінір, медициналық қызмет алмағаныңыз анықталған жағдайда дереу Қордың қызметіне жүгіну керек. Мұны Telegram-дағы @SaqtandyryBot арнасы арқылы жасауға болады. Ол үшін «1406-ға өтініш қалдыру» бөлімін таңдап, ЖСН-ді енгізіп, өтініш мәтінін толтырасыз. Сосын еGOV немесе медициналық ақпараттық жүйенің мобильді қосымшасынан (мысалы, Damumed) жалған хабарламаның скриншотын тіркеп жіберу қажет” – деп түсіндірді филиал директоры Ғалымжан Әбілов.
Semeynews.kz