Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМССемейТОП

Семейде нейрохирургтер бірлесіп жұмыс жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

1973 жылы туған науқасқа миға қан кету диагнозы қойылған. Жедел түрде Семей қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді, нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Нейрохирургия бөліміне түскен кезде науқас ес-түссіз жатқан, жан-жақты тексерістен кейін дәрігерлер бас миының томографиясын және мойын, бас миының тамырларының КТ ангиографиясын жасады. Нәтижесінде үлкен қапшық аневризмасы мен оң жақ ортаңғы ми артериясының жарылуы және қан құйылуы анықталды.
Шұғыл негізде науқасқа екі кезеңде гибридті операция жасалды:1-кезеңде нейрохирургтер үлкен қапшықты аневризманы, оң жақ ортаңғы ми артериясын микроспиральдармен рентгендік эндоваскулярлық эмболизация жасады. Одан кейін 2-кезеңде краниотомия жасалды, атап айтқанда, BrainLab нейронавигациялық жүйесі негізінде астында ми ішілік гематома алып тасталынды» – дейді нейрохирург Қойшыбаев Төлеуғали.

️Айта кетейік, науқас Зайсан орталық аудандық ауруханасынан санитарлық авиациямен шұғыл жеткізілді.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы айтарлықтай жақсарды, науқас жалпы палатаға ауыстырылды, ем шараларын қабылдауда. Қабылдау кезінде науқаста сол жақты гемиплегия, дененің бір жағындағы аяқ пен қолдың қозғалысының толық жоғалуы (паралич) болған.

Уақытында көрсетілген медициналық көмектің арқасында науқас қалыпты өмір салтына орала алады. Сақтанбаған науқасқа жасалатын бұл операция 5 миллион теңгеден асатын еді, алайда медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тегін жасалғанын атап өту керек.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button