Абай облысыВизитҚоғамСемейТОП
Әлихан Смайылов Абай облысына жұмыс сапарымен келеді

Бүгін, 21 сәуір күні, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Абай облысына жұмыс сапарымен келеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz Үкіметтің Telegram каналына сілтеме жасап.
Үкімет басшысы онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы барысымен танысады.
«Үкімет басшысы өңірге сапары аясында Шүлбі ГЭС-і және «Ғаббасов» қазандығының жұмысын тексереді және Ядролық медицина және онкология орталығына, сондай-ақ басқа да бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанға барады»,-делінген хабарламада.
Semeynews.kz