Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысы мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы өтті

Абай облысы әкімдігінің ғимаратында Қуаныш Сүлейменовтің төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Сессия отырысына Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, салалық басқарма басшылары мен облыстық мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтар болсақ:

1. Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №11/66-VІI «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. 2023 жылда жергілікті атқарушы және өкілді органдардың қызметкерлеріне тұрғын үйді жалға алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған төлемдерді қамтамасыз ету туралы.

3. Абай облысы бойынша меншікке немесе жер пайдалануға берілетін аталған жерлерді пайдаланудың жергілікті жағдайлары мен ерекшеліктеріне қарай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы.

4. Абай облысының азаматтарына жеке меншікке тегін ұсынылуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы. 

5. Абай облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы.

6. Абай облысы бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы.

7. Абай облысында жылу маусымына дайындық және өткізу қағидаларын бекіту туралы.

8. Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны  үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы.

9. Абай облысының қоршаған ортасына теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту және көтеру туралы.

10. Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 5/29-VII «Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

11. «Семей қаласында фотобейнетіркеу және бейнеталдау жүйесін құру және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік  міндеттемелерді қабылдау  туралы.

12. Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/56-VII «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы  мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін  бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

13. Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы №1/8-VII «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Аталған күн тәртібі талқыға түсіп, барлығы бойынша шешімдер қабылданды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button