Абай облысыҚоғамСемейТОП

Ағымдағы жылы Семейде Жамақаев көшесінде жаңа қоғамдық кеңістік қолданысқа беріледі

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ағымдағы жылы пайдалануға берілетін қоғамдық кеңістіктерді қолданысқа беру бойынша көшпелі кеңес өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қала басшысы әкімдіктің жауапты қызметкерлерімен бірлесіп Жамақаев көшесіндегі емханадан Чайковский көшесіндегі жанармай құюға дейінгі аумақта сквер салу жоспарын талқылады.

“Аталған қоғамдық кеңістікті абаттандыру үшін қала орталығында үлкен алаң бөлінген. Жаңа алаң заманауи стандарттарға сәйкес жабдықталуы керек. Ең бастысы балалар мен егде жастағы адамдар да бірдей демала алатын орта қалыптастыруымыз керек. Сондай – ақ, сквер бойындағы үйлердің қасбеттерін сырлау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілетін болады”, – деп атап өтті шаһар басшысы Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, биыл Семейде қаланың орталығында да, шеткі аудандарында да бірнеше қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарлануда.Қазіргі таңда қоғамдық кеңістікттердің эскиздік сызбалары дайындалу үстінде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button