Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

Семей мектептерінде әскери-спорттық жарыстар өтуде

Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған “БАБАЛАР ІЗІМЕН” айлығы аясында Ахмет Байтұрсынов атындағы 47 мектепте интернационалист-жауынгер Қалибек Ахметовті еске алуға арналған әскери-спорттық жарыстар өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қалибек Ғазизұлы Ахметов – аға лейтенант, арнайы мақсаттағы жасақтың командирі. 1982 жылы 12 мамырда Ахметовтің жасағы Мейменде болған кезде қалаға ірі бандалық топ кірді. Оның тұрғындарына үлкен қауіп төнді. Сондықтан ақсақалдар мен жергілікті бандалардың жетекшілері арнайы күштерден көмек сұрады. Қан майдан ұрыс басталды. Душмандар жойылды, бірақ бір атыс нүктесі қалды. Қалибек Ахметов болған БМП-ны душмандар гранатометпен атқылады. Снаряд жүргізуші механик Мұхтар Оспановты ауыр жарақаттап, Ахметовтың екі аяғын жұлып әкетті. Жауынгерлер командирін тікұшаққа салып, Баграмға жіберді. Бірақ ол ауруханаға жете алмады… 1982 жылы 15 мамырда жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде қайтыс болды.

Іс-шараның мақсаты-жастарды тәрбиелеу үшін жоғары патриоттық рухы бар жауынгерлеріміздің үлгісін көрсету, интернационалист жауынгерлерге құрмет көрсету.

Жарыс үш түр ден – ату, автоматты жартылай бөлшектеу және жартылай жинау, патрондармен жабдықтау.

Әскери спорттық жарысқа қала мектептерінен 35 команда қатысты. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жеңіске жетті, екінші орынды № 2 орта мектеп, үшінші орынды № 8 орта мектеп иеленді.

  • Мұндай іс-шараларды өткізу қазіргі жастарға, оқушылар мен түлектерге жақсы әсер етеді деп ойлаймын. Бұл оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырады және патриотизмді оятады, – деп атап өтті жарысқа қатысушы Нұрай Болатбекова.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button