Мәскеу үшін болған шайқаста
Бүгін біз қазір ортамызда жоқ тұлғаларды еске аламыз, олардың ерліктері ұмытылмайды. Қазіргі заманғы тарихи құжаттама орталығының қорларында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құжаттары сақталған, олардың естеліктері бізге сұрапыл соғыс жылдарындағы оқиғаларды қайта құруға көмектеседі. Біздің жерлесіміз, II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері Төлеуқадыр Жұмабекұлы Жұмабековтың әскери өмірбаянында Мәскеу маңындағы шайқас ерекше орын алады:
«1940 жылдың қазанында мен Кеңес Армиясының қатарына шақырылып, Горький облысының Дзержинск қаласындағы зениттік-артиллериялық бөлімде әскери қызметте болдым. Неміс авиациясының Мәскеуге алғашқы шабуылы 1941 жылғы 21 шілдеде болды. Осыған байланысты біздің зениттік бөліміміз КСРО астанасына келді. Маған, оқу батареясының курсантына, кіші сержант атағы берілді және Мәскеу әуе қорғанысы майданының 176-шы зениттік-артиллериялық полкінің қарулық есептеу командирі болып тағайындады. Қару есебінде 7 адам болды. Шағын калибрлі 37 мм қару алдық.
Біздің 4 қарулы батареямыз Хапиловский тоғанының Преображенская мен Семеновская алаңдары арасындағы тұрды.
Осы кезден бастап менің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысуым басталды.
Немістердің міндеті соғыстың басында бомбылау арқылы астанадан әскери іс-қимылдарына басшылық жасап отырған үлкен күшті басшылықсыз қалдыру болды. Сонымен бірге фашистер Мәскеуді ірі және жаппай бомбалауды шешті.
Алайда бұл жоспарлары жүзеге аспады. Мәскеуден 300-400 шақырым қашықтықта неміс ұшақтарын біздің ұшақтар қарсы алып, олардың санын сиретті, неміс бомбалаушыларының армадаларын атып құлатты. Алайда шағын топтар бұзып өтті. Мәскеудің өзінде зениттік артиллерия, аэростаттар, прожекторлар, бақылау бекеттері орналастырылды, сондықтан бұзып шыққан ұшақтар олардан тойтарыс алды.
Біздің батареяның қару есептеулері, әсіресе менің қару есебім, есептелген, жауынгерлік, үздіксіз және мақсатты атыс жүргізді. Әр ұрыстан кейін біздің есебіміз батарея командирінен және дивизиядан үздік жауынгерлік әрекеті үшін алғыс алып тұрды.
Алайда, неміс ұшақтары кейде бомбалау үшін қырыну әдісін, яғни ұшақтар төмен биіктікте ұшыруды қолданды.
Мындай жағдай болды: 1941 жылдың 18 тамызынан 19 тамызына қараған түні Мәскеудегі барлық қару есептері №1 жауынгерлік дайындығы жағдайында қаруда тұрды, күшейтілген күрес жүргізді, ал 19 тамызда таңғы сағат 4 – те олар күшейтуді шешті. Осы уақытта төмен биіктікте қырыну әдісімен бір неміс бомбалаушысы үйлердің шатырларының үстінен ұшып өтіп, бомбаларды шашыраңқы тастады. Бомбаның тікелей соққысы барлық қару есебін жойды, оның командирі менің жолдасым, рабфактағы курстасым Жанғарашев Тлек болды. Ол небәрі 20 жаста еді.
Фашистік әскерлер тікелей Мәскеуге жақындағанда, 1941 жылдың қарашасында мәскеуліктер үшін ең қиын уақытта біздің зенитшілер Мәскеудің аспанын абыроймен және батылдықпен қорғады. Мәскеуге шабуыл жасау қаупі өткен кезде, біздің батареямыз 1942 жылы қыркүйекте Солтүстік Әуе қорғанысы майданының құрамында Калинин майданындағы 224-ші жеке зениттік-артиллериялық дивизияға жіберілді.
Біздің дивизия Калинин облысында фашистік авиацияның бомбалық соққыларынан тораптық станциялар мен теміржол магистральдарын күзету – қорғауды қамтамасыз етті, бұл жерден көптеген жауынгерлік техникалар мен ірі армия бөлімшелері бар эшелондар майданға өтті. 1943 жылы маған “сержант” атағы берілді, мен 85 мм зениттік зеңбіректің командирі болдым.
Әрі қарай біздің бөлім 2-ші Балтық, содан кейін 1-ші Беларусь майданына кіретін Батыс және Солтүстік әуе шабуылына қарсы қорғаныс майдандарының құрамында шайқасты.
1944 жылдың жазында біз Латвия КСР-да ірі торапты және базалық орталығы Резекне қаласын азат етуге қатыстық. Бұл неміс армиясының жер үсті және әуе бөлімдері қатты бекінген аймақ болды.
Кеңес әскерлері неміс әскерлерінің бекіністері мен позицияларына ең күшті шабуыл жасап Резекне қаласы мен Латвияның үлкен аумағын азат етті. Біздің зениттік артиллерия бөлімшелері өз міндеттерін орындай отырып, неміс әскерлерінің әуе армадасына жаппай соққы берді. Кеңес әскерлері қаланы босатқаннан кейін, күн сайын жүздеген неміс ұшақтары қаланы бомбылады, әсіресе түнде, әр 30-40 минут сайын. Осындай ірі рейдтердің бірінде бомба біздің қару есебіне жақын орналасқан біздің дивизия штабына түсіп, 2 жауынгер қаза тауып, 10 адам жараланды. Біздің қару есебіміз бірнеше ұшақты құлатты. Мен «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталдым.
Одан кейін 1-ші Беларусь майданының құрамында біз Латвия, Беларуссияның солтүстік-батыс бөлігі арқылы шайқастармен жүріп өттік және 1945 жылғы 7 мамырда Польша Республикасының аумағына кірдік, поляк қала-бекінісі Торуньды (Торн) азат етуге қатыстық.
Қаланы немістер әскери бекініске айналдырған. Қаланың өзінде және оның айналасында көптеген жерасты құрылыстары болды, ол жерлерде арсеналдар – жауынгерлік техникалар, оқ-дәрілер, бомбалар, әртүрлі калибрлі снарядтар, оқтар, гранаталар сақталған. Әскерлері үшін жерасты баспаналары болды. Біздің әскерлер тікелей соққы беріп, немістердің жоюларына жол бермей, қала-бекініс Торуньды азат етті. Сол жерде мен үшін Ұлы Отан соғысы аяқталды».
78 жыл бұрын кеңес халқы фашистік Германиямен соғыста жеңіске жетті. Сол соғысқа қатыспай қалған бірде-бір отбасы жоқ шығар. Барлық кейінгі ұрпақтың міндеті – Ұлы Отан соғысы туралы тарихты жадында сақтау.
Semeynews.kz