Семей қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессия отырысы өтті
Бүгін Семей қалалық әкімдік ғимаратында қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Сессия отырысына қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қалалық мәслихат төрағасы Данияр Шәкәрімов және қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Сондай-ақ, қала әкімдігінің бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері шақырылды.
Мәслихат отырысында төмендегідей сұрақтар қаралды:
1. Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 37/260-VII «Семей қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
2. Семей қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері апараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы;
3. Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №39/275-VII «Бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 63/458-VI шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
5. Қаланың терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы туралы;
6. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы;
7. Қала әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы;
8. Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің құрамын бекіту туралы;
9. Абай облысының Семей қаласын басқару схемасы туралы;
10. Семей қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 244 және Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 1ақпандағы № 3/17-VII «Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Semeynews.kz