Covid-19ШҚОТОП

ШҚО-да мониторингтік топтар 2 бұзушылықты анықтады

Шығыс Қазақстан облысы аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша мониторингтік топтар жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Semey News.

16 мамырда Алтай ауданында күнделікті мониторингпен «жылу картасына» кіретін кіші және орта бизнес нысандары, сондай-ақ қоғамдық көліктер қамтылды. Қалааралық көлік жолаушыларына термометрия жүргізілді, дене қызуы бар жолаушылар анықталған жоқ. Аудан бойынша барлығы 138 сауда нысандары тексерілді, Жаңа Бұқтырма ауылында 1 бұзушылық анықталды. Мамыр айының басынан бастап 2 197 нысанға мониторинг жүргізілді, 24 бұзушылық анықталды.

Үржар ауданында рейд шарасы барысында 1 бұзушылық анықталды.

Шемонаиха ауданы бойынша 70 нысанға тексеру жүргізілді. Глубокое ауданында 18 рейдтік шара өтіп, 105 нысан қамтылды. Бұзушылықтар анықталған жоқ.

Сондай-ақ, санитарлық талаптарды сақтау бойынша рейдтер Риддер, Курчатов қалаларында және Абай, Аягөз, Зайсан, Күршім және Ұлан аудандарында да жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button