Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі әлеуметтік желіде аулаларды аббаттандыру жоспарларымен бөлісті

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов әлеуметтік желідегі парақшасында аула аумақтарын абаттандыру бойынша ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстардың жоспарымен бөлісті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Бүгін еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет Басшысы Семей қаласының абаттандырылуы, инфрақұрылымы мен аулалардың жай-күйіне ерекше назар аударды. Бұл ескертулердің барлығында айтарлықтай негіз бар.

2023 жылға арналған жұмыстарды жоспарлау кезінде біз барлық аулаларды аралап шықтық. Мен Семей аумағына кіретін ауылдар мен барлық кенттердің тұрғындарымен кездестім. Олардың ұсыныс тілегін тыңдадым. Шынында да, қаламыздағы ойын алаңдары мен аулалар өте нашар жағдайда. Бүгінгі таңда қаламызда 576 аула бар, оның 10%-ы ғана жарамды күйде. Қалғандары күрделі жөндеуді қажет етеді. Барлық аулаларды бір жылда жөндеп бітіру мүмкін емес. Сондықтан, жұмыстарды әр жыл сайын кезең-кезеңімен жүргізіп, бес жыл ішінде жөндеп бітіреміз деп ойлаймын.

Біз биыл 180 үйді қамтитын 70 аула аумағын кешенді түрде абаттандыруды жоспарлаудамыз. Яғни, аула аумақтарын абаттандыру кезінде жылу трассаларының құбырлары мен су құбырларын ауыстыру, жарықтандыру, асфальт төсеу, балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын орнату жұмыстары бірге жүргізіледі. Сондай-ақ, біз қоғамдық кеңістіктерді қолданысқа беру үшін, бірнеше қоғамдық орындарды таңдадық, соның ішінде қала шетіндегі тұрғын аудандар да бар”, – деді шаһар басшысы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button