Абай облысыБілімҚоғамСемейТОП

Биыл Семей қаласында 60 оқушы “Алтын белгі” белгісіне үміткер

Бұл туралы білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Биыл Семей қаласы бойынша  11 сыныпты  1937 оқушы тәмәмдайды, оның ішінде   «Алтын белгі» белгісіне  үміткерлер саны-60, үздік аттестатқа- 155.

  • Мектеп бітірушілердің 3,1%-ы “Алтын белгі” белгісіне үміткер. Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық кезеңдерінде “Алтын белгі” мен үздік аттестатқа үміткерлер жоғары көрсеткіш көрсетуде. Қаңтар, наурыз айларында Ұлттық бірыңғай тестілеуге  1417 (73,1%)  оқушы қатысты.Орташа балл – 72. Қаңтар,наурыз айындағы ҰБТ нәтижелерімен  жоғары оқу орнында тек ақылы негізде оқуға түсуге болады, -деп атап өтті білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев.

Семей қаласы бойынша мамыр, маусым  айларында  өтетін  негізгі ҰБТ-ға   1668 түлек қатысады немесе 86,1%. Мамыр мен маусым айында өтетін ҰБТ-дан жоғары балл алған жас түлек білім грантына ие бола алады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button