Семейде өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
18 сәуір күні қалалық әкімдік ғимаратында Семей қаласы әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетовтың қатысуымен қалалық төтенше жағдайлар комиссиясының кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жиын барысында Семей өңірінің орманды дала алқаптарын өрттен сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі туралы, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ғимараттар мен құрылыстардың қолайсыз ауа райы жағдайларына дайындығы, сондай-ақ шомылу маусымы кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Бөлімдерге, ауылдық округ әкімдеріне және тиісті қызметтерге қала аумағында қамыс шабуды ұйымдастыру, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін улы газ датчиктерін сатып алумауын қамтамасыз ету, су айдындарында адамдардың қаза болуын азайту, қалалық жағажайларды ұйымдастыру және демалыс кезінде балалардың қауіпсіз демалуы бойынша тапсырмалар берілді.
Semeynews.kz