Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейдегі Суық бұлақ кентінде 50-ден аса қоқыс полигоны жойылды

”Ғарыш сапары” космомониторингі Семей қаласында 300-ден астам рұқсат етілмеген жердегі қоқыс үйінділерін анықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазіргі таңда қала бойынша 180-нен астам қоқыс полигоны жойылды. Атап айтқанда, Суық бұлақ кентіндегі Цветочная, Речников көшелеріндегі 50-ден аса қоқыс полигоны жойылып, 2000 текше метр қоқыс шығарылды.

”Екі аптадан аса уақыт ішінде қалалық әкімдік 30 жылдан астам уақыт шығарылмай жатқан қоқыс үйінділерін тазалады. Қалалық әкімдікке және коммуналдық қызметтерге айтар алғысымыз шексіз”, – дейді Цветочный көшесінің тұрғындары.

Айта кетейік,  Суық бұлақ кентіндегі Суық бұлақ көшесінде жұмыстар әлі де жалғасуда. Сонымен  қатар, Степной, Шығыс, Кирпичный, Березовский, РСУ-1 кенттерінде де қоқыс үйінділерін жою жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қала тұрғындарына белгіленбеген жерге қатты тұрмыстық қалдықтарды төкпеуді сұраймыз. Тазалық тазаланған жерде емес, таза ұстаған жерде.

Осы айдарда

Back to top button