Абай облысыБілімҚоғамСемейТОП

Семейде «Abai CUP» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

«Абай облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ «Пікірталас қозғалысын дамыту» әлеуметтік қызметі аясында 2023 жылдың 15-16 сәуірі күндері өткен Абай облысының әкімінің кубогыне арналған «Abai CUP» республикалық пікірсайыс турнирінің қорытындысы белгілі болды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Турнир қазақ тілінде екі форматта – британдық-парламенттік және Линкольн-Дуглас форматында өтті.

Турнир жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болады (1 орын – 300 мың теңге, финалистердің үш командасы – 100 мың теңге, үздік спикер – 50 мың теңге, жастар финалының жеңімпазы – 30 мың теңге, үздік төреші – 20 мың теңге).

Турнир нәтижесі:

Жеңімпаз – Өміржанов Әмір, Заманбекова Алтынай (Астана қаласы)

Финалист – Жақсылық Бекхан, Сағымбекова Ботагөз (Павлодар, Семей)

Финалист – Орманбеков Қуаныш, Исахан Нұрбақыт (Павлодар, Семей)

Финалист – Дүйсенгазина Аяулым, Серкбекова Алия (Семей)

Үздік спикер – Заманбекова Алтынай (Астана)

Үздік төреші – Рүстемұлы Мират (Семей)

Жастар финалының жеңімпазы – Жабағиева Үммігүлсім, Айтқалиева Дана (Семей, НЗМ).

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button