ШҚОТОП

ШҚО-да бала тау жартасы арасында қалып қойды

Шығыс Қазақстан құтқарушылары жар тас арасында қалып қойған баланы «тұтқыннан» құтқарды, деп хабарлайды Semey News.

Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінде, Глубокое ауылындағы Алтынсарин көшесі маңындағы жартастың арасында 12 жастағы бала қылып қойғанын хабарлады.

«Өз күшін есептемеген бала жартастан шыға алмай, өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраған. Куәгерлер құтқарушыларды шақырған. 23-өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері құтқару арқаны арқылы «тау тұтқынына» түскен баланы шығарып алды. Балада дене жарақаттары жоқ»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖД ата-анасына баланы жалғыз қалтыруға болмайтынын ескертті. Сонымен бірге, оларға көшедегі және қоршаған ортадағы қауіптер туралы түсіндіру жүргізу керек.

 

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button