Матвей Юрченконың жауынгерлік жолы
Матвей Артемьевич Юрченко сұрапыл соғыс жалдарын еске алғанда көзіне жас алады, сол жылдарда көрмегені жоқ.
Оны майданға 1943 жылдың күзінде шақыртты. Новосібір маңында жарты жылдық оқу полкінде дайындықтан өтіп, Екінші Украина майданына жолданды. 27-армияның 229-атқыштар полкінің 72-атқыштар дивизиясы құрамында шайқасты. Сол уақытта Кеңес әскерлері Днепрді алып, бірнеше шақырым алға жылжыған болатын.
- Днепрді алу кезінде көптеген жауынгерлер оққа ұшты, әрекет етуші құрамаға жаңа толықтырулар қажет болды. Бізді жан-жаққа бөлгенде мені артиллерияға 72 миллиметрлі пушканың снарядтарын тасушы лауазымына бөлді, – деп есіне алды Матвей Артемьевич.
Ұрыстардың бірінде оқтап тұрушы қаза тапты және Матвей Юрченконы оның орнына тағайындады. Ал біраз уақыт өткенде Матвей Артемьевичке тағы бір мамандықты – байланысшы мамандығын игеруге тура келді.
Байланыссыз әскери істе үйлесімді әрекет ету мүмкін емес. Оралған сымдар, қолдарында телефонмен байланыс қызметкерлері алғы шепте болып, әскери есептер мен құрамаларды байланыспен қамтамасыз етті. Матвей Юрченко қызмет еткен дивизия Украина, Румыния, Венгрия және Чехословакиядағы шайқастардан өтіп, соғысты аяқтады. Бұл жерлердегі шайқастарда неміс басқыншыларына қарсы кеңес әскерлерімен иыққа иық тіресіп румындық бөлімдер күресті.
- Біз, жауынгер әріптестерімізбен бірге Украинадан Румынияға жаяу жүріп жеттік. Түні бойы жол жүріп, күндіз демалып, күш жинадық. Румынияда бекінген аудандардың бірінде ұрысқа түстік, – деп есіне алды ардагер. – Асулардың бірінде іргесінің қалыңдығы бір метр болатын темір бетонды жаудың дзоты тұрды. Дзотты бірде-бір қару алмады. Оны бомбыладық та, 152 миллиметрлі қарудан нысанаға оқ жаудырдық, соның өзінде дзоттың мықтылығы соншалықты, оның тек қабырғалары шытынады. Оған жақындау мүмкін болмады: дзот тесігінен біздің жауынгерлерді кіші калибрлі пушкалармен және пулеметпен атқылады. Басында дзотты алу үшін кавалериялық бригаданы лақтырды: басшылық атты әскерлер жылдам өтіп кетеді деп ойлады, өкінішке орай олардың барлығы жығылды.
Қарсы тұру бірнеше айға созылды, қанша адамның өмірі қиылды. Азат етуші жауынгерлерге ауа-райы көмектесті.
- Румынияның бұл өңірінде нөсер жауындар басталды. Жауын суы жота арасындағы аумақты адам еркін өте алатындай етіп шайып өтті. Оны алғашқылардың бірі болып алғы шептегі жауынгерлер байқап, кідірткісіз басшылыққа баяндады. Қараңғы батқанда жағдайды білу үшін барлаушылар аттанды, содан кейін келесі түні румындардың тылына бірнеше кеңестік рота жолданды. Екі жақты шабуыл арқылы бекіген аудан басып алынды, ал дзотты жарып жіберді, – деп есіне алды Матвей Артемьевич.
Ардагердің еншісінде жойылған немістің «Тигр» танкісі де бар. Бұл үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
- Сол уақытта мен әлі артиллерист болдым. Жау танкісі ауылдардың бірінің шетінде орманда тығылып тұрды. Оны біздің бақылау пункті байқап қойды және бізге нақты тұрған жері бойынша мілңметтер берді. Тасадан шыға берген бетте біз оқ аттық, темір табанына дәл тидік. Соққыдан «Тигр» айналып кетіп, бір жақ жанына құлады, – деп тоқталды ардагер.
Адагер Жеңіс күнін минут сайын дерлік еске алды.
- Жеңіс күні қарсаңында біз шабуылға шықтық. Шабуыл алдында бір жарым сағатқа созылған қуатты артиллериялық атқылаулар жүргізілді. Бір шаршы шақырым аумақта 100-ге жуық зеңбірек оқпандары орналасты, олардың әрқайсысына 500 снарядтан берілді. Толассыз атқыланған оқтардан Күннің көзі көрінбей кетті, – деп есіне алды ардагер. – Содан кейін шабуыл басталды. Бір-екі күннен кейін біз Братислава маңындағы Словения ауылына жеттік, сол жерде түнедік. Таңертең бізді сапқа тұрғызып, дивизия командирі соғыстың аяқталғанын хабарлады. Сол уақыттағы қуанышты суреттеу, айтып жеткізу мүмкін емес. Көздерімізге жас алдық, төс қағыстырдық, қарулардан аспанға оқ аттық. Бұл 1945 жылдың мамыры болды.
Бірақ Матвей Артемьевич нағыз бейбіт өмірді тек бес жылдан кейін ғана көрді.
- Соғыстың біткені шайқастардың аяқталуын білдірмеді.Германияны басып алғаннан кейін біздің жауынгерлер әр жерлерде жаудың жекелеген топтарымен ұрысқа түсті, – деді ардагер. – Біздің полк Шығыс Еуропада 1946 жылға дейін болды. 1946 жылдың басында Сумск облысы Тростянец қаласына көшірді. Бұл Украинада. Біздің құрама таратылды және мені Одессадағы телефон байланысын қалпына келтіруге жолдады. Ал бір жылдан кейін бізді тауарлы вагонға отырғызып белгісіз бағытқа әкетті.
Осылайша Матвей Артемьевич Павлодарға келді. Қазақстан жерінде тағы бір маңызды тапсырманы атқару қажет болды.
- Бізді темір жол вокзалынан бірден пристаньға әкеліп, кемеге отырғызып, Ертістің жоғарғы жағына апарды. Біз түн ортасында кемеден түстік, айналамыз қап-қараңғы, жазық дала. Қыс мезігілі болатын, бізді тосып алған полковник жаңа жерде қоныстануға және осы жерде майдандағыдай блиндаждар мен траншеялар қазуға бұйрық берді. Осылайша Курчатов қаласының және Семей ядролық сынақ полигонының құрылысы басталды, – деп айтып берді ардагер.
1947 – 1950 жылдары Матвей Артемьевич байланыс ротасының старшинасы болды. Болашақ стратегиялық нысанда жұмыс істеген кезде қатаң құпиялық сақталды, тіпті бір взводтың қызметкерлері әріптестерінің полигонда немен айналысқанын білмеді.
1950 жылдың 8 наурызында – әскерге шақырылғаннан кейін тура жеті жыл өткен соң Матвей Юрченко әскери қызметін аяқтады. Содан кейін өзінің туған жері – Красноярск өлкесі Минусинск қаласына оралды, алайда ол жерде ұзақ болмады.
- Туған жерімде тек әкем және өгей шешем болды. Анам менің кішкентай күнімде қайтыс болған. Достарымның көбі майданнан оралмады, кейбіреулері қаза тапса, енді біреулері жаңа жерлерге қоныстанды. Менде қайтадан Семей жеріне қайтуға шешім қабылдадым. Сол уақытта менде Семейде тұратын таныстарым көп болды, – деп еске алды ардагер.
Семейде Матвей Артемьевич аяқ-киім фабрикасына жұмысқа орналасты, ол жерде 47 жыл жұмыс істеп, қарапайым жұмысшыдан шеберге дейін көтерілді. Оның еңбек кітапшасында тек екі жазба ғана бар, «Қабылданды» және «Шығарылды».
Соғыс жылдарында Матвей Юрченконың екі ағасы қаза тапты: үлкен ағасы – Федор Артемьевич Ленинград блокадасын бұзуға қатысты, ортаншысы – Игнетий Артемьевич артиллерист болды және Матвей Артемьевичпен бірге бір майданда шайқасты. Соғысқа аттанған үш ағайындының тек кенжесі аман-есен қайтып оралды.
Кез кезлген майдангерлер сияқты Матвей Юрченкоғада олардың буындарына түскен қасіретті жылдарды еске алу оңай емес, оның тек жалғыз тілегі – қазір біз өмір сүріп жатқан бейбіт өмірді бағалау және сақтау.
Semeynews.kz