Семейде облыс әкімінің жүлдесіне арналған “Abai Cup” пікірсайыс турнирі өтуде

Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен үздік атану үшін барлығы 64 қатысушы жиналды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жастар зияткерлік бірлестігінің басшысы Әнуар Жазитов өткізілетін пікірталас тақырыптары түрлі аспектілерді қамтитынын атап өтті.
– Тұңғыш рет Абай облысында “Abai Cup” әкім кубогына дебаттан республикалық турнир өткізілуде. Еліміздің Астана, Алматы, Өскемен, Павлодар, Қарағанды және тағы басқа қалаларынан келген 32 фракция тіркелді. Олардың әрқайсысында екі қатысушы бар. Пікірсайыс барысында қатысушылар саясаттан спортқа дейінгі түрлі тақырыптарды көтереді, – деп атап өтті Әнуар Жазитов.
Турнир қазақ тілінде екі форматта – британдық-парламенттік және Линкольн-Дуглас форматында өткізіледі.
Турнир жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болады (1 орын – 300 мың теңге, финалистердің үш командасы – 100 мың теңге, үздік спикер – 50 мың теңге, жастар финалының жеңімпазы – 30 мың теңге, үздік төреші – 20 мың теңге).
Іс-шараның мақсаты жастардың патриоттық, рухани жағынан дамыту, шығармашылық, зияткерлік мүмкіндіктерін арттыру және мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ қазіргі заман талаптарына сәйкес патриотизмді, халықтар достығын және салауатты өмір салтын дамытуға ықпал ететін іс-шаралардың идеялық-көркемдік деңгейі мен мазмұнын арттыруға байланысты мәселелерді талқылау болып табылады.
Semeynews.kz