Семейде коммуналдық қызметтер рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын жалғастыруда

Семейде 30 жылдан астам уақыт бойы жиналған қоқыс үйінділері тазартылуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Семейде экологиялық екіайлық аясында Семей қаласының әкімдігі рұқсат етілмеген қоқыстарды шығару бойынша жұмыстарды әлі де жалғастыруда.
Қаланың шеткі аудандарында 30 жылдан астам уақыттан бері жиналған қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қоқыс үйінділері өте көп болғандықтан бір мезетте тазарту мүмкін емес. Сондықтан жұмыстар тұрақты түрде тазартылуда.
Бүгін санитарлық таазалау жұмыстары төмендегі кенттерде жүргізілді:
– Шығыс тұрғын алабында 2 бірлік техника жұмылдырылды, 80 м3 астам қоқыс шығарылды;
– Кирпичный кентінде 3 бірлік техника жұмылдырылды 300 м3 қоқыс шығарылды;
– Степной кентінде 3 техника жұмылдырылды, 200 м3 қоқыс шығарылды;
– Березовский кентінде 4 бірлік техника жұмылдырылып, 200 м3 қоқыс шығарылды;
– Суық бұлақ кентінде 2 бірлік техника жұмылдырылды, 100 м3 қоқыс шығарылды.
Қаланың шет аймақтарынан барлығы 880 м3 қоқыс шығарылды, 20 бірлік коммуналдық техника жұмылдырылды.
Semeynews.kz