Семейде оқушы қызды соққыға жыққандар анықталды
Семей қаласының әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу барысында қаланың білім беру мектептерінің бірінің оқушылары өз құрдастарына дене жарақатын салған бейнежазба орнатылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Семей қаласында болған.
Кеше, яғни ағымдағы жылдың 15 сәуірінде осы факт бойынша ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізілуде.
Қалған ақпарат тергеу мүддесінде, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.
Сонымен қатар, полиция департаменті әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылық көзделгенін ЕСКЕРТЕДІ.
Semeynews.kz