Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМССемейТОП

САНАВИАЦИЯ ЖӘНЕ МӘМС: СЕМЕЙЛІК НЕЙРОХИРУРГТАРДЫҢ ЕҢ ҚИЫН ОПЕРАЦИЯСЫ

27 наурызда Семей қаласының жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургия бөліміне Қарауыл ауылындағы орталық аудандық ауруханадан жедел түрде ми ішілік гематоманың пайда болуымен геморрагиялық инсульт диагнозымен ауыр халдегі науқас жеткізілді.

Бірнеше күннің ішінде жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургия бөлімінің дәрігерлері науқастың жағдайын қалыпқа келтіріп, 10-шы күні ота жасады. Атап айтқанда, сол жақта BrainLab нейронавигациялық жүйесі аясында 70 мл көлеміндегі интрацеребральды гематоманы алып тастадық. Динамикада және отадан кейінгі кезеңде науқастың жағдайы айтарлықтай жақсарды. Айта кету керек, Қарауыл ауылындағы ауруханаға екі рет санитарлық авиация бригадалары, соның ішінде, жедел жәрдем ауруханасының инсультологтары жеке консультация жүргізу үшін жіберілді», – дейді нейрохирург Төлеуғали Қойшыбаев.

НАУҚАС ДИАГНОЗЫ: Сол жақ ортаңғы ми артериясының бассейнінде 70 мл ми ішілік гематоманың пайда болуымен геморрагиялық типті МҚЖБ.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында барлық тексерілу, ауданнан қалаға тасымалдау, отаның өзі тегін қамтамасыз етілді.

Айта кетейік, Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық операциялар медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында қолжетімді, өйткені көптеген тұрғындар қымбат отаны өз бетімен төлей алмайды, бірақ бұл қызметтер сақтандырылған науқастарға қолжетімді.

Қазіргі уақытта науқастар барлық қажетті медициналық көмекті дер кезінде ала алады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button