Абай облысыҚоғамСемейТОП
Абай облысында сотталған сүйіктісімен заңды некеге тұрды
Абай облысы бойынша ҚАЖД № 21 мекемесінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан сотталған Т. бостандықта кездескен сүйіктісімен заңды некеге тұрды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Ресми неке қию рәсімі Семей қалалық АХАЖ бөлімінде өтті. Іс-шара қарапайым өтті, жас жұбайлар құжаттарға қол қойып, сақиналармен алмасу арқылы қарым-қатынастарын нығайтты.
- Мекемелерде жақын адамдармен кездесуге рұқсат етіледі. Сондықтан мен жақын күндері, әрине, мекеменің ережелеріне сәйкес, жұбайыммен кездескім келеді. Мені сүйетін және бостандықта күтетін заңды жұбайым бар деген ой жанымды жылытады”, – деді сотталған Т.
Жалпы, мекеме тарихында жақындарымен тағдырын байланыстырған сотталғандар аз емес.
- Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталғандардың некегелерін қолдаудың басты мақсаты – олардың бойында отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін ояту, сол арқылы сотталғандарды тәрбиелеу үдерісіне ықпал ету, – дейді сотталғандарды жұмыспен қамту бөлімінің аға инспекторы Елес Мұхамедиев.
Semeynews.kz