Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семейде коммуналдық қызметтер рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын жүргізуде
Семей қаласында қоқысты рұқсатсыз төгу орындарын тазарту жұмыстары әлі де қарқынды жалғасуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындар қатысатын сенбілік келесі аптаға шегерілген болатын. Десе де коммуналдық қызметтер өз жұмыстарын штаттық режимде жалғастырып жатыр.
Бүгін санитарлық тазарту жұмыстары келесі пункттерде жүргізілуде. Олар: Степной, Шығыс, Суық бұлақ, Кирпичный, Березовский, Жоламан кенттері.
Айта кетейік, бүгін санитарлық тазалауға және рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмыстарына 20 тиегіш пен 50 самосвал көлігі жұмылдырылды.
Semeynews.kz