Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Жарма ауданының халқымен кездесті

Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапарымен Жарма ауданына барды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Сапар аясында аудан халқымен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуге Жарма ауданы әкімінің орынбасарлары, салалық бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өткен жылдың қорытындысында экономиканың барлық саласында дамудың оң серпіні байқалғанын атап өтті.

«Өткен жылы өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 1,1 трлн. теңгені құрады. Ондағы Жарма ауданының үлесі 281,2 млрд.теңге. Бұл – жаман көрсеткіш емес! Аудан экономикасына «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорыны», «Горняк», құрамында алтын бар кендер мен концентраттар өндіретін «Васильевское», қиыршық тас өндірумен айналысатын «Асар Инвест» және әктас пен гипс өндіретін «Сарытас» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері оң әсерін тигізіп келеді», – деді ол.

Сондай-ақ, аймақ басшысы әр азаматқа сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету – басты міндет екенін айтты.

«Абай облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 10,8 млрд. теңгеге 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынады. Жармада жаңа 7 медициналық нысан тұрғындар игілігіне жұмыс жасайтын болады. Ауданның денсаулық сақтау ұйымдарын қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету жалғасады. Биыл бұған 233,5 млн. теңге қаржы жұмсау көзделіп отыр», – деді Нұрлан Ұранхаев.

Жарма ауданында ауыл шаруашылығы саласына көңіл бөлінуде. «ҚазАгроҚаржы» қаржы институты арқылы 310,8 млн. теңгеге 23 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Аудан бойынша пайдаланылмайтын 2,4 мың гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

«Аудан экономикасының негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы. Ауданның экономикалық құрылымында саланың үлесі – 10%. Былтырғы жылы аграрлық секторда 40 млрд. 89  млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2021 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 117%-ды, нақты көлем индексі 101%-ды құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің басым бөлігі немесе 75%-ы мал шаруашылығына тиесілі. 25%-ы өсімдік шаруашылығында өндіріледі», – деді аудан әкімінің орынбасары Ақылбек Нұрғалиев өз баяндамасында.

Кездесу соңында өңір басшысы аудан тұрғындарының ұсыныстарын тыңдап, қойған сауалдарына жауап берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button