Абай облысында иесіз жайылып жүрген мал иелеріне айыппұл салынады
Көктемгі маусымның басталуымен еркін жайылымдарда мал саны артады. Мал иелері осы күнге дейін ережелерді сақтамауда, ал иелерінің немқұрайлы көзқарасы көбінесе қайғылы салдарға әкеліп соғады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Мал көбінесе жол-көлік оқиғаларын тудырады.
Абай облысының полицейлері рейдтік шаралар жүргізіп, патрульдеу барысында қаңғыбас малды анықтайды. Рейдтердің негізгі мақсаты еркін жайылатын малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мал ұрлығының алдын алу болып табылады.
Облыста қаңғыбас малға арналған 135 айыппұл қорасы бар.
Жыл басынан бері Абай облысының полицейлері бақылаусыз жайылып жүрген 1 мың 500-ден астам бас малды анықтап, айыппұл тұрақтарына орналастырды.
ҚР ӘҚБтК 406 бабы бойынша, ҚР Ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін, ҚР ӘҚБтК 408 бабы бойынша 25 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін 814 адам жауапты болды.
Абай облысы Полиция департаменті барлық мал иелеріне ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді.
Semeynews.kz