Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысСемейТОП
Абай облысында “Мигрант” ЖПІШ өткізілді
“Мигрант” ЖПІШ өткізу барысында Абай облысының полицейлері соттың шығарып жіберу туралы шешімін орындамаған шетелдік азаматты анықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шетелдік 2011 жылы көші-қон заңнамасын бірнеше рет бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешіміне сәйкес оған 15 тәулік ішінде дербес шығу мерзімі белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылған. Сот қаулысын орындамай, ол Қазақстан аумағында 12 жылдан астам уақыт тұрған.
Шетелдіктің іс-әрекеттерінде ҚР ҚК 430-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы көрінеді.
Semeynews.kz