Әуе-десанттық дивизияның даңқты жолы
Габдулгагиз Гайнутдинович Ахмеров – Семей қаласындағы танымал адам. Семейлік журналистер өз арасында соғыс ардагерін – Батыл десантшы деп атайды.
Габдулгазиз Ахмеров – Киров аудандық атқару комитетінің бұрынғы төрағасы, 12 жылға жуық қызмет атқарған және ауданның экономикасы мен мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосқан, татар қоғамдық орталығы Төралқасының мүшесі, Семей қалалық соғыс ардагерлері кеңесінің және ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Семей қаласының Құрметті азаматы, әуе-десанттық әскерлердің құрметті ардагері. Отанымыз жерлесімізді лайықты түрде ордендермен және медальдармен марапаттады. Ардагердің соғыс және еңбек қызметі туралы естеліктері нәтижесінде ұлы мерейтой – Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында үзінді келтіретін кітап жарық көрді.
Кез келген әскери қызметкер оның мінезіне қатты қызығатын. Ол әрқашан сымбатты, сергек және көңілді жүрді, сонымен қатар қаладағы көптеген шаралардың қадірменді қонағы болды. Оның кеңестеріне құлақ асатын, сонымен қатар Габдулгазиз Ахмеров майданда өткізген қиын жылдардағы естеліктерімен жиі бөлісетін. Оның ең басты тілегі – осы бейбіт әлемді сақтау.
- Ұлы Отан соғысының басталуымен біздің отбасымызға да қайғы келді. Біздің анамыз – Зарифа, уайым мен ауыр дерттен қайтыс болды. Сталинград түбіндегі шайқаста ерлікпен біздің үлкен ағамыз Сайфутдин қаза тапты, ол соғыс басталғанда майданға шақырылған болатын. 1942 жылдың жазында ортаншы ағам Габдулгафур майданға аттанды.
Габдулгазиз Гайнутдинович 1925 жылы 11 шілдеде Семейде дүниеге келген. Соғыс басталғанда ол орта мектептегі оқуын тастап, «Пимокат» артеліне жұмысқа тұруға мәжбүр болды. 1942 жылдың желтоқсанында, он жеті жасында өзге балалармен бірге өз еркімен әскер қатарына шақырылды. Бозбала үлкен ағасының өлімі үшін кек алуды және жауды жеңетін күнді жақындатуды армандады.
- 1943 жылдың көктемінде әкеміз Гайнутдин қайтыс болды. Орны толмас шығындар әсер етті – анамыздың қайтыс болуы және майданда үлкен ұлының қаза табуы. Оның сөздері әлі есімде: «Бұл соғыс ұзаққа созылады, ол аяқталғанша бір жылдан астам уақыт өтеді. Бірақ мен сені ұлым көремін бе, Алланың өзі біледі, мүмкін, мен үлкен ұлдарымды тосамын”.
Әкелері ұлдарының қайтып оралуын күте алмады, соғыс та төрт жылға созылды. Үйде тағы бір ағалары Гилажетдин қалды. Ол бала кезінен мүгедек болды.
Ағасы Габдулгафур 132-ші атқыштар дивизиясының 605 полкінде және 1-ші Украина майданында 22-ші инженерлік-саперлік бригадада барлаушы болды. Курск доғасында, Оңтүстік-Батыс және Ленинград майданында шайқастарға қатысты.
1944 жылдың қазанында контузия алып, гостипальден емделіп шыққаннан кейін оны Иванов облысы Тейково стансасына жақын жерде орналасқан 114-дивизияға жолдады. Қиын кезеңнің өзінде де десантшылар қатарына қабылдау тәртібі қатаң болды. Ол жерде түрлі қиыншылықтарға төзіп, соның ішінде моральды тұрғыда ұстамды болу керек болды.
Сол қиын уақытта да десанттық әскерлерге іріктеу өте қатал болды. Физикалық және моральдық жағынан үлкен сынақтарға төтеп берулері керек еді.
- Қысқа мерзім ішінде жау шебінің артына лақтыру бағдарламасы қиын болды. Біз күні-түні, кез-келген ауа-райында, толық жауынгерлік жабдықтармен парашютпен секіруден оқу-жаттығулық секірулер жүргіздік, – деп еске алды Габдулгазиз Гайнутдинович. – Сонымен қатар көп сағатқа созылған тактикалық сабақтар өтті. Біз осы сынақтарға да төзе білдік. Көп ұзамай бізді майданға жіберу туралы бұйрық келді.
Батыс Еуропаны фашистік игадан азат ету – осындай тапсырмамен 114-Гвардиялық әуе-десанттық дивизиясы Венгриядағы майданға аттанды және 3-Украиналық майданның 9-соққы-серпінді армиясының құрамына кірді. Бұл жерде неміс әскерлерімен қан төгіс ұрыс жүрді, неміс әскерлері 11-танкалық дивизияның қолдауымен соңғы жеңілістерін кейінге қалдыруға тырысты.
Құрамына 350-і, 353-і, 357-і әуе-десанттық полктері кірген дивизия бірден жаудың бекінген қорғанысын бұзып, бірқатар бекініс пункттерін – Теш, Зирец, Оласфалу және басқа қалаларды басып алды. Габдулгазиз Ахмеров Зирец қаласындағы ұрысты жақсы біледі. Бірнеше сағатқа созылған ұрыста десантшылар ол жерді түтінге оранған темір үйіндіге – бронды манишалардың, мақтаған немістің «Тигр» танкілерінің және де басқа техникаларының қорымына айналдырды
- Әсіресе осы ұрыста біздің 357-ші Суворов ордені полкінің гвардияшылары ерекшеленді, – деп есіне алды ардагер. – Халық бекер айтпаған, қорқыныштың көзі үлкен деп. Немістер көз алдында көгілдір пагондағы, жеңілдетілген қарумен қаруланған жаңа толықтырулдарды көргенде, Сталиннің соңғы резерві – әуе-десанттық әскерлері келді деген қауесет таратты. Жалпы, немістер қорқатындай болды. Гитлерлік армияның ең таңдаулы жауынгерлерінің қарсылығын бұзып-жарып, 114-ші әуе-десантты гвардиялық дивизиясы Папа қаласын қоршап алды және түнгі шабуылмен маңызды бекініс бекетін басып алды. Айтып өту керек, осы қаланы СС-тің «Тотенкопф» және «Гитлер-югент» танк дивизиясы, 356-ші жаяу әскерлер дивизиясы және басқа да бөлімдері қорғаған болатын. Папа қаласын алғаны үшін біздің дивизия Жауынгерлік Қызыл Ту орденімен марапатталды, сондай-ақ Жоғарғы Бас қолбасшының алғысы жарияланды және Мәскеуде жеңісіміз үшін артиллериялық отшашу атылды.
Одан ары жауды қуып, өз жолында Венгрияның оннан астам үлкен қалалары мен ауылдарын азат етіп, дивизия австро-венгрия шекарасына жетті. Ол жерде Австрияның астанасын азат ету бойынша ұрысты бастады. Қала көшелерінде қан төгіс ұрыс бес күн бойы жалғасты. 1945 жылғы 13 сәуірде Вена қаласы неміс басқыншыларынан толықтай азат етілді.
Полк қаланың дәл ортасында – Альте және Нойе Хофбург (австрия императорларының сарайы), Рейхсбанк, Қасиетті Стефан шіркеуі, тарихи музей, табиғат музейі, университет, Қасиетті Доминик монастыры, Раутхаус, Парламент …атты учаскелерде ұрыс жүргізді. Бір сөзбен айтқанда, олардың жолында Австрия мемлекетінің көп ғасырлы тарихы бар тарихи-мәдени ескерткіштер болды. Бұл оңай марштық жүгіру болмады, ал қан төгіс ұрыс болды.
Алдын ала гитлерлік жауынгерлер ұзақ қорғанысқа дайындалып, барлық шатырлардан, терезелер мен жертөлелерден оқ жаудырды. Алайда гвардиялық-десантшылар олар Суворов даңқының мұрагерлері екендерін дәлелдеді. Олардың полк туында осы қолбасшының ордені жарқырап тұрды.
Австрия астанасы Венаны азат еткені үшін дивизияға құрметті – Вена ордені табысталды. Ал дивизия командирі, атақты генерал Василий Ивановқа ратуша өкілдері қала кілтін табыстады. Кілт қазіргі уақытта Рязан қаласындағы әуе-десанттық әскерлерінің музейінде сақталуда.
Содан кейін десантшыларға Корнойбург қаласын алу, Венадан баратын жолдарды жабу, жаудың шегінуін, сонымен қатар олардың 2-ші Украина майданының шығыс ауданына қосылуын болдырмау бойынша тапсырма берілді. Осы қаланы немістер түпкілікті қорғанысқа бекіндірді. Қала айналасына қорғануға жабдықталған екі-үш қатарлы ор қазылды. Корнойбургті қорғауда десантшылардың пайда болуы, содан кейін олардың қалаға келу фашистердің үрейін алды. Ұрыс ұзаққа созылмады, гвардияшы-десантшылар толықтай қалаға иелік етті және Жоғарғы Бас қолбасшыдан алғыс алды.
Одан ары алға жылжып, дивизия жаудың жекелеген топтары мен бекіністерін жойып, Австрия Альпілерінде шабуылдық ұрыстар жүргізді. Содан кейін дивизия полктері 2-ші Украина майданы құрамында Грагензульц ауданында шабуылдық тапсырмалар алды.
Сәуір айының соңында құрама фашистік ошақтарды тазалай отырып Чехославакия аумағына кірді.
1945 жылғы 9 мамырда Қызыл Армия жауынгерлері Чехославакия астанасынан 100 шақырым жерде жау күштерін жоюды жалғастырды. Жеңіс күнін тек жау күштерін толықтай жойған уақытта, 12 мамырда тойлады. Ардагердің есінде бауырлық төс қағысулар қалды, көзге алған жасын сипаттау мүмкін емес.
114-ші Гвардиялық Веналық Қызыл Армияның әуе-десанттық дивизиясының жауынгерлік жолы даңқты. Бұл жолды Жеңіс жолы деп атау орынды.
Бірақ бұл Жеңіске қандай құнмен қол жеткізілді, Венгрия, Австрия және Чехославакия барар жолда қанша адамның өмірі қиылды! Оның куәсі – бес мыңнан астам қаза тапқан батырларға, дивизия гвардияшыларына орнатылған обелисктер мен ескерткіштер.
Semeynews.kz